ШАХМАТ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР ТОБЫ БЕСІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Бүгін, 2019 жылдың 14 наурызында Астана қаласында командалар арасында шахматтан Әлем чемпионатының тоғызыншы (финалдық) кезеңі аяқталды, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы бесінші орынға ие болды.

Әйелдер секциясына әлемнің ең мықты 10 командасы қатысты. Тоғыз турдың нәтижесінде Қазақстан Үндістан, АҚШ, Армения, Венгрия және Египетті басып озды.

Соңғы раундта біздің қыздар Армения құрамасына қарсы ойнады. Алғашқы тақтада Жансая Әбдумалик француздық қорғаныста тәжірибелі Элина Даниелянға қарсы стандартты дебюттік артықшылыққа ие болып, сенімді ойын көрсете алды.

Бүгін екінші (қара) тақтайшада ойнаған Бибісара Асаубаеваның жағдайы аздап нашарлау болды. Лилит Мкртчан – Әлем кубоктарында да, әйелдер арасындағы Гран-при турнирлерінде де ойнаған өте тәжірибелі және күшті гроссмейстер. Біздің жас жұлдызымыз біраз уақытқа дейін соққыларға тойтарыс бере алғанымен, шаршағандықтан сыр бере бастады (Бибісара – топтың басқа мүшелерімен салыстырғанда тоғыз раундты ең аз демалыссыз ойнап, жеңген ойыншы). Бибісара 21-ші қадамда «g» қара пешкасымен патшаның позициясынан оқыс жүріс жасағаны сол-ақ еді, ақтар тез шапшаң шабуылға көшті. Бірақ үшінші және төртінші тақтайшалар үлкен артықшылыққа ие болып, жеңіске жетті.

Гүлісхан Нахбаева Анна Саркисянға қарсы тамаша позицияға ие болды, мат алмас үшін армян қызына үнемі қорғануға тура келді. Армян шахматшысы тікелей қауіп-қатерден құтылғанымен, соңғы ойында көрсетілген тұрақты қысым нәтижесінде эндшпильде өрескел қателік жасап, жеңіліп қалды!

Гүлмира Дәулетова дереу үлкен позицияларға ғана емес, материалдық артықшылыққа да ие болды. Одан ары Гүлмираның артықшылығы арта түсті  және сөзсіз мат қатеріне байланысты Мария Геворгян жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды.

Команданың қыздарының сәтсіздіктері армян құрамасының көшбасшысына қатты әсер еткен болу керек, тәжірибелі Даниелян қайта-қайта жаңылыс жүріс жасай берді. Жансая жеңіске жетіп, матч 3:1 есебімен аяқталды!

«Элина Даниелян – аңызға айналған шахматшы, тәжірибелі гроссмейстер. Әрине, бұл ойын жеңіл болған жоқ, – деп мойындайды Жансая, – бірақ мен үнемі қиын жүрістер жасап, қарсыласымды шиеленіс шырмауында ұстауға тырыстым. Нәтижесінде менің қарсыласым шабуылға тойтарыс бере алмай, жеңіліп қалды. Кеше біздің құраманың жаттықтырушысы маған ауыр турлардан кейін демалуға мүмкіндік берді, бұл дұрыс стратегиялық шешім болды».

Негізгі шиеленіс Үндістан-Венгрия өткінші ойынында болды. Қосымша көрсеткіштер бойынша, үнді командасы Қазақстанмен бірдей ұпай жинады, сонымен қатар, чемпионаттың аутсайдері – венгр командасымен ойнады. Бесінші орын қалтасында болған сияқты еді.

Бірақ венгер қыздары күтпеген таңданыс тудырды. Олардың командасы турнир бойы қинала ойнап, ойынға кіре алмады. Тоғызыншы айналымда Венгрия спортшылары соңғы жекпе-жекті үндістандық командамен ойнап, тепе-тең түсті. Командасының бесінші орынға ие болатынына сенімді болған Үндістан командасының капитанының осы кездегі өкініш сезімін сипаттау мүмкін емес. Бірақ спорттың аты спорт, осылайша Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет бесінші сатыға көтеріледі! Бұл – біздің қыздарымыздың керемет жетістігі.

Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшелері: Жансая Әбдумәлік, Динара Садуақасова, Бибісара Асаубаева, Гулисхан Нахбаева и Гульмира Дәулетова.

Нәтижесінде, әйелдер секциясында командалар арасында орындар төмендегіше болды:
1-орын – Қитай
2-орын – Ресей
3-орын – Грузия
4-орын – Украина
5-орын – Қазақстан
6-орын – Үндістан
7-орын – АҚШ
8-орын – Армения
9-орын – Венгрия
10-орын – Египет

 

Әлем чемпионатының бас демеушісі – «Eurasian Resources Group» компаниялар тобы

 

 

Әлем чемпионатының бас серіктесі – ФНБ Самрук Казына

     

 

 

 

Чемпионат серіктесі — «Астана» Халықаралық қаржы орталығы

 

 

_________________________
photo by David Llada