ҚАЗАҚСТАНДА ШАХМАТТАН РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦТЕН ФИДЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫ ӨТЕДІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 25-31 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Шахматтан рапид және блицтен 2021 жылғы ФИДЕ Әлем чемпионаттары (FIDE World Rapid and Blitz Championships 2021) өтеді. Аталған жарыс шахмат күнтізбесіндегі асыға күтілетін оқиғалардың бірі болып табылады. Әлемнің 50 елінен 200-ден астам шахматшының қатысуы күтілуде, оның ішінде әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингі ең жоғары шахматшылар бар.

Чемпионаттарға келесі тұлғалар қатысуға құқылы:

  1. Өз Ұлттық федерациясы атынан ерлер мен әйелдер секцияларындағы қазіргі ел чемпиондары;
  2. Әлем чемпионаттарының Регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін шахматшылар.

Сондай-ақ, Қазақстандық шахмат федерациясының қосымша 30 қазақстандық ойыншыны шақыруға айрықша құқығы бар.

Жылдам және блиц шахмат бойынша 2021 жылғы Әлем чемпионаттарының ашық және әйелдер жарыстарының регламенттерімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады: ашық жарыстар және әйелдер жарыстары.

Турнирлердің ресми сайты: https://worldrapidandblitz.fide.com/

Қосымша ақпарат kazchess.kz сайтында және ҚШФ-ның @kzchessfederation (Instagram), @kazchesskz (Facebook) әлеуметтік желілерінде жаңартылып отыратын болады.              

Ұйымдастырушылармен байланыс деректері: 📩 wrbc2021@kazchess.kz

Федерацияның қаржылық серіктесі – “Eurasian Resources Group” (ERG)

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қаласы, 24 қараша, 2021.