ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен Қазақстандағы жастар жылының салтанатты ашылуы өтті. Кездесу барысында жас ұрпақтың көрнекті өкілдері елдегі әр түрлі салаларды дамыту және жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салды.

Елбасы Жолдауында «барлық күш-жігер елімізді болашақ серпіліске дайындауға бағытталған және күшті Қазақстанды құруға бағытталған» деп атап өтті.

Ашылу рәсіміне шақырылған қонақтардың бірі біздің жас шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік болды.

«Мен өмір сүріп жатқан және еңбек етіп жатқан елімнің дамып жатқанын көріп қуаныштымын», – дейді спортшы, – Мемлекет дегеніміз, бұл, біріншіден, оның азаматтары және мен өз елімдегі өмірді жақсартуға талпынған талантты жастарды көріп, тек қана мен емес, сонымен қатар, барлық жастар да ұлы іс жасағысы келетініне сенемін».

Іс-шараның ресми бөлігінен кейін Президент Жансаяның жетістігі туралы сұрап, оған одан әрі жеңіске жете беруін тіледі. Еске сала кетейік, 2012 жылы Қазақстан көшбасшысымен келіссөздер барысында спортшы шахматты мектеп пәні ретінде енгізу туралы ұсыныс жасаған еді, оған Мемлекет басшысы өз келісімін берген болатын. Бүгінгі таңда «Мектептегі шахмат» бірнеше мектепте белсенді түрде жүзеге асырылуда және оң даму үрдісі байқалуда.