ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК БҰРЫНҒЫ ЧЕМПИОН АЛЕКСАНДРА КОСТЕНЮКТІ АЛТЫННАН АЙЫРДЫ

Қытайдың Хэншуе қаласында IMSA World Masters Championship өз мәресіне жетті. Қазақстан тұңғыш рет бұр беделді турнирге шақырту алды. Біздің елдің атынан халықаралық гройссмейстер Жансая Әбдімәлік қатысты. Ол бұл чемпионаттағы ең жас спортшы болды. Рапид пен блиц бойынша жарысқа барлығы әлемнің үздік 16 шахматшысы қатысты. Алматылық ару Әлемнің экс-чемпиондарын бірнеше ұтты.

«Менің қарсыластарым әртүрлі жылдары әлем біріншілігінде жеңіске жеткен. Сондықтан бір сәтке де босаңсуға болмайтынын түсіндім, – дейді Жансая, –  Рапидтен 2017-2018 Әлем чемпионы Тан Чжунъи ұтып кете алдым. Сонымен қатар, Нана Дзагнидзе, Ириной Круш пен Лей Тинцзы жеңдім. Блицте 2:0 есебімен жеңіп, Мария Музычуктен реванш алдым. Дәл осындай есеппен Хампи Конеруді де ұттым».

Турнир қортындысы бойынша Әбдімәлік өзінің блицтегі рейтингін 2414 орынға көтерді. Енді ол шахматтың барлық түрлері, яғни, классика, блиц және рапид бойынша ЭЛО рейтингінде 2400-ден жоғары рейтингке енген жалғыз қазақстандық шахматшы қыз.

«Турнир қортындысы бойынша Жансая рапид пен блицтен жетінші орынға жайғасты. Ол керемет ойын өрнегін көрсетті, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ирина Грищенко, –  Планетаның үздік спортшыларын ойсырата ұтып қана қоймай, ол рейтинг-фаворит қытайлық Лей Тинцзы тең ойын көрсетті. Әлемнің экс-чемпиондары украин Анна Ушенина мен ресейлік Александра Костенюктермен болған партия да тең дәрежеде бітті. Алайда Жансая атақты шахматшылардан бір-бір партия мұтып үлгерді. Жансаядан жеңілгені салдарынан Костенюк Әлем чемпионатындағы алтынынан айырылып қалды».

Жалпы жарысқа әлемнің 36 елінен 170 спортшы қатысқан. Қатысушыларды 2018-2019 жылдардағы турнирлердегі өнерлері нәтижесінде Халықаралық шахмат федерациясы таңдап алды. Алғаш рет IMSA WorldMastersChampionship Пекин қаласында 2008 жылы өткен болатын. Осы уақыт ішінде оған шахматта аты аңызға айналған Анатолий Карпов, Сергей Карякин, Хикару Накамура, Левон Аронян, Александр Грищук, Хоу Ифань, Джу Вендзуй және тағы басқа беделді спортшылар қатысып үлгерді.

ҚШФ Бас серіктесі– «Самрұқ Қазына ҰӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Sumruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бас демеуші «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.