ӨЗБЕКІСТАНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТ

21-29 мамыр аралығында Ташкент қаласында (Өзбекістан) 3.4 аймағының аймақтық чемпионаты өтеді. Турнир швейцарлық жүйе бойынша өтеді және 9 раундтан тұрады.

Ерлер арасындағы турнирдің екі жүлдегері ерлер арасындағы Әлем кубогына қатысуға мүмкіндік алады. Әйелдер арасындағы аймақтық турнирдің жеңімпазы әйелдер арасындағы Әлем кубогына қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін ерлер үшін кем дегенде 2200 және әйелдер үшін кем дегенде 2000 ELO рейтингісіне ие шахматшылар қатыса алады. Әрбір федерация екі ресми ойыншы (1 ер және 1 әйел) жібере алады, оларды ұйымдастырушылар турнирде тегін тамақтану мен жатын орынмен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ турнирге қосымша қатысушылар қатыса алады, алайда олар тұратын жері үшін төлеуі шарт.

Ресми қатысушылар үшін кіріс жарнасы 75 АҚШ долларын, қосымша қатысушылар үшін 150 АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ, әрбір қатысушы тіркеу жарнасы ретінде 100 АҚШ долларын төлейді, оған аккредиттеу және әуежайдан күтіп алу/ әуежайға шығарып салу кіреді.

Қонақ үйді брондау жүйесіне қатысты мәселе бойынша 2019 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұйымдастырушыларға хабарласыңыз.

Турнирге қатысқысы келетін тұлға қатысу туралы өтінімін Қазақстан Шахмат Федерациясының электронды адресіне жіберуі керек: kamilya.a@kazchess.kz