ҚШФ ЖАНДОС ЖАНТӨРЕҰЛЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясының ұжымы Федерацияның атқарушы директоры Әбішев Жандос Жантөреұлын туған күнімен құттықтайды!

Бүгінде ұжымымыз Сізді білікті және тәжірибелі маман, адал еңбеккер, шахматтың нағыз жанкүйері ретінде танып, құрметтейді. Игі істеріңіз бағаланып, алда қойған үлкен мақсаттарға жете беруіңізге тілектеспіз! Сізге және жанұяңызға денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ.,17 тамыз 2020 ж.