ҚШФ МАРАТ САҒЫНТАЙҰЛЫН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясы Федерацияның вице-президенті, Қызылорда облысының шахмат федерациясының президенті Есенов Марат Сағынтайұлын 60 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтайды.
Қадірлі Марат Сағынтайұлы!
Еліміздің шахмат қауымдастығы атынан Сізге қоғамдық және шахматтық белсенділігіңіз үшін алғыс білдіреміз. Осындай мерейлі күні шын көңілімізбен Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға береке-бірлік, баянды бақыт тілейміз.
Жұмыста толағай табыстарға, биік шыңдарға жете беріңіз. Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдіреміз.
 
Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Султан қ.,
05 шілде 2021 ж. Ресми сайт: kazchess.kz