ҚШФ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Қазақстандық шахмат федерациясы Федерацияның қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исекешев Әсет Орынтайұлын туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Ә.О.Исекешев 2010-2015 жылдары еліміздің шахмат федерациясының басшысы қызметін атқарған, шахмат спортының кеңінен тарап, белсеңді дамуына қосқан үлесі зор.

Құрметті, Әсет Орынтайұлы! Бүгінгі мерейлі күні Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, мемлекеттік қызметте жетістіктер мен табыс тілейміз. Көздеген шыңдарды бағындырып, мақсат — армандарыңызға жете беруіңізге тілектестігімізді білдіреміз.

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ.,17 тамыз 2020 ж.