ҚШФ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті шахмат федерацияының мүшелері, Қазақстанның шахматшылары!

Сіздерді еліміздің ұлы мерекесі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік күні — ата-бабаларымыздың аңсаған арманның жүзеге асқан, ұрпақтарына еркіндік сыйлаған ерекше күн. Бұл біздің Отанымыздың егемендігі мен бостандығының, қаһармандық өткені мен жарқын болашағының символы.

Еліміздің гүлденіп — көркеюіне еңбек сіңіріп, шетелде туымызды асқақтатып жүрген спортшыларымыздың еңбегі зор. Баршаңызға берекелі ғұмыр, мықты денсаулық, шаңырықтарыңызға шаттық пен бақыт, үлкен жетістіктер тілеймін. 

 

Бейбіт Атамқұлов,

Қазақстандық шахмат федерациясының Президенті