ҚШФ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті Сәкен Жұнысбекұлы!

Қазақстан шахмат федерациясы Сізді мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтайды!

Сіздің  мәдениет және спорт саласындағы жұмыс тәжірибеңіз бен жоғары кәсіби біліктілігіңіздің арқасында, бұл салаларда жаңа позитивті өзгерістер болатынына сенеміз. Сонымен бірге, шахмат саласының серпінді дамуына зор үлесіңізді қосатынына үміттенеміз.

Мықты денсаулық, еңбегіңізге табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі. Нұр-Сұлтан қ., 7 мамыр 2020 ж.